27 мамыр 2021 12:41

"21 миллион гектар жайылым тозған". Сенатор мәселені шешу жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шамамен 21 миллион гектар жайылым тозып кеткен. Бұл туралы сенатор Сұлтан Дүйсембинов депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шамамен 21 миллион гектар жайылым тозып кеткен. Бұл туралы сенатор Сұлтан Дүйсембинов депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66 пайызы өндіріледі. Бірақ мұндай орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, заманауи технологиялық процестерге тартылмай отыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру бойынша жүргізілген жұмыстар дұрыс үйлестірілмегендіктен нәтижелі болмай отыр", - деді сенатор.

Сұлтан Дүйсенбинов жер мәселесін ұлттық деңгейдегі маңызды жоба ретінде жүйелі түрде қарастырмаса жайылым мәселесі шешімін таппайтынын атап өтті.

"Дегенмен жайылымдық жерлердің тапшылығы барлық облыс бойынша бар. Мәселен Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауыл тұрғындары жайылымдардың жетіспеушілігінен зардап шегуде. Елді мекендерде малдың 80 пайызға жуығы ауыл шегінде және оның айналасында жайылатындықтан бұрын бөлінген шамамен 21 миллион гектар жайылымдық жер деградацияға ұшыраған", - деді Сұлтан Дүйсембинов.

Сенатор жайылымның тапшылығын шешу үшін жайылымдарды ұзақ мерзімді басқару жөніндегі жоспарларды бекіту қажет екенін және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізу керек екенін айтты.

Сенатордың айтуынша, аграршыларға ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жан-жақты көмек беру қажет. Қазіргі уақытта дамыған елдердің барлығы ауыл шаруашылығында кооперация тетігін табысты пайдаланып отыр. Бұл ауылдық жерлерде еңбек өнімділігін арттыруға, қала халқын сапалы жəне арзан тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге, тұрақты жұмыс орындарын ашуға зор септігін тигізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети