01 қазан 2020 11:56

216 мың зейнеткер Қарттар күніне орай бір жолғы төлем алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Биыл зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Биыл зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, елімізде 2 миллионнан аса зейнеткер тұрады. Әр азаматтың лайық қарттық шағын қамтамасыз етуге қамқорлық жасау - Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту бойынша жүйелі түрде шаралар қабылдап келеді.

Мысалы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы индекстеу нәтижесінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 пайыз өсті, базалық зейнетақының ұлғаюы 5 пайыз болды.     

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тағайындалған зейнетақы мөлшері қосымша тағы 5 пайызы индекстелді. Бұл 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда базалық зейнетақының 10 пайызға, ынтымақты зейнетақының 12 пайызға өсуін қамтамасыз етті.           

Осындай өсім нәтижесінде жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері (ынтымақты+базалық) 58 мың теңгеден асады, ал жоғарғы шегі - 128,5 мың теңге. Сонымен қатар, азаматтар, БЖЗҚ-дан өздері жинақтаған қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін алады.           

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аға буын өкілдерінің жағдайын жақсарту үшін 2025 жылға дейінгі "Белсенді ұзақ өмір" ұлттық іс-қимыл жоспарын жасады. Оны қабылдау егде жастағы азаматтардың қоғамның түрлі салаларына қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және де оларды мемлекеттік қолдаудың сапалы шараларымен қамтамасыз етеді. Ұлт жоспары аясында әр аймақта белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланып жатыр.           

Қазіргі уақытта 113 стационарлық мектеп-интернаттың, жергілікті бюджет есебінен 58 күндізгі стационардың ауқымында 5 мыңнан астам қарт адам арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімдері шамамен 52 мың қарт мен мүгедекке қызмет көрсетеді.           

Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамды қамтитын 2,3 миллиард теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі.           

Жалпы, ағымдағы жылы, жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 15,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді (оның ішінде жергілікті бюджеттен - 14,2 миллиард теңге, тартылған қаражат есебінен - ​​1 миллиард теңге):           

  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне бірреттік материалдық көмекке - 7,6 млрд теңге (123,6 мың адам);            
  • Aзық-түлік себетін беруге - 1 миллиард 481,1 млн теңге (233,4 мың адам);           
  • Жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 174,2 миллион теңге (40,8 мың адам);       
  • Тісті протездеуге - 142,7 миллион теңге (3 мың адам);           
  • Шипажайлық емделуге - 1 млрд 362,3 миллион теңге (19,5 мың адам);     
  • Тұрғын үйді жөндеуге - 46,4 миллион теңге (376 адам);         
  • Отынмен қамтамасыз етуге - 136,1 миллион теңге (3,7 мың адам);
  • Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге - 740,7 миллион теңге (133,9 мың адам);           
  • Көмектің басқа түрлеріне - 3 498,8 миллион теңге (134,0 мың адам).        

Бұған дейін 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне орай айлық басталады. Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді. Олардың ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдарда "Ашық есік күндері" және "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, оның аясында ауыр науқас қарт адамдарға азық-түлік себеттері табысталады. Сонымен қатар, министрлік мәліметі бойынша, еңбек ұжымдарында кездесулер және тағы басқа шаралар қолға алынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети