2,3 триллион теңгенің дауы: NCOC 20 шілдеге дейін төлемесе не болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2,3 триллион теңгенің дауы: NCOC 20 шілдеге дейін төлемесе не болады? Фото: NCOC

20 шілдеге дейін Қашаған операторы North Caspian Operating Company (NCOC) Қазақстанға 2,3 триллион теңге көлемінде экологиялық айыппұл аударуы тиіс. Егер қаражат белгіленген мерзімде түспесе не болады, мемлекет сот шешімінің орындалуына қалай қол жеткізбек және бұл туралы сарапшылар не дейді - Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.


Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіре ме?

Әділет вице-министрі Даниель Ваисовтың айтуынша, экологиялық дау бойынша қазақстандық соттың шешімі заңды күшіне енген, ал шетелдік компаниялардың биылғы 20 шілдеге дейін 2,3 триллион теңге төлеу міндеттемесі бар.

"Егер 20 шілдеге дейін шетелдік компаниялар айыппұлды төлемесе, Қазақстан Республикасы заңға, оның ішінде "Атқарушылық іс-жүргізу туралы" Заңға сәйкес әрекет ететін болады. Атқарушылық іс-жүргізу қозғалып, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады", – деді Ваисов.

Жағдай неге күрделі: сарапшы пікірі

Energy Monitor қорының атқарушы директоры Нұрлан Жұмағұлов Tengrinews.kz берген сұхбатында айыппұл өндіру процесін халықаралық арбитраж қиындатуы мүмкін екенін атап өтті.

"Акционерлер бір мезгілде халықаралық арбитражға жүгінді, оның шешімі әлі белгісіз. Енді қайсы бірінші болып жүзеге асатыны түсініксіз – халықаралық арбитраждың шешімі ме, әлде Әділет министрлігінің шоттарды бұғаттау бойынша әрекеті ме? Қазақстанда мұндай прецедент болған емес, сондықтан болжам жасау қиын", – деді ол.

Алайда, Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, мәжбүрлеп өндіру шаралары жобаның жұмысына әсер етуі мүмкін.

Сарапшының сөзінше, консорциумның өз ақшасы жоқ, барлық қаражат NCOC акционерлерінде.

"Егер банк шоттары бұғатталып, басшының елден шығуына шектеу қойылса, әдетте солай жасалады, бұл Қашағандағы өндірістік процеске әсер етуі мүмкін. Тағы бір маңызды жайтты түсіну керек: NCOC тек делдал, оның ақшасы жоқ. Қаражат жеті акционерде. Бұл - өнімді бөлу туралы келісім. NCOC оператор ретінде мұнайды, күкіртті және басқа да өнімдерді өткізумен дербес айналыспайды. Әрбір акционер өз үлесіне сәйкес мұнайды сатумен айналысады және ақша соларда болады", – деп нақтылады сарапшы.

Экологиялық даудың мәні неде?

Қазақстан Үкіметі мен алып Қашаған кен орнының операторы - North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы бірнеше жыл бойы соттасты.

Қазақстанның басты наразылығы – кен орнында күкірттің заңсыз, лимиттен тыс сақталуы.

Заңбұзушылықтар 2022 жылы Қашаған кен орнын тексеру кезінде анықталды. Экологтар North Caspian Operating Company (NCOC) операторы нормадан тыс шамамен 1,2 миллион тонна күкірт сақтағанын анықтады. Осы үшін компанияға 2,3 триллион теңге айыппұл салынбақ болды.

Бұл несімен қауіпті: Күкіртті ашық аспан астында осындай көлемде сақтау өңірдің экологиясына және жергілікті тұрғындардың денсаулығына орасан зор қауіп төндіреді.

Шетелдік инвесторлар заңбұзушылықтың жоқтығын, ал айыппұл салу олардың инвестициялық келісімдеріне сәйкес келмейтінін алға тартты.

"Республиканың күкіртті орналастыру бойынша рұқсат беру талаптарын бұзу туралы болжамына қатысты әрекеттері оның халықаралық инвестициялық келісімдер бойынша міндеттемелеріне, соның ішінде өз инвесторларына әділ және тең құқылы режимді қамтамасыз ету міндеттемесіне сәйкес келмейді деп санаймыз", – деп хабарлады NCOC өкілдері.

Сот текетіресінің хронологиясы

Сот істері 2023 жылы басталды.

Басында Астана соттары Экология министрлігін қолдады. Алайда консорциум жоғары сатыдағы соттарда миллиардтық айыппұлға уақытша шағым түсіре алды. Бұған шенеуніктер тарапынан жіберілген процестік заңбұзушылықтар себеп болды.

  1. 2025 жылғы тамызда Экология министрлігі соттардың барлық ескертуін жойып, айыппұлды қайтадан сол сомада - 2,3 триллион теңге көлемінде шығарды.

Қазақстандағы шешуші сот 2025 жылғы желтоқсанда өтті. Астананың бірінші сатыдағы соты экологтардың талаптарын толықтай заңды деп танып, мемлекет пайдасына шешім шығарды.

Ал 2026 жылғы сәуірде Астана соты мұнай консорциумының апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, шешімді күшінде қалдырды.

Бұл North Caspian Operating Company компаниясының 2,3 триллион теңге айыппұл төлеуге міндетті екенін білдіреді.

Іс мұнымен біткен жоқ

Осыдан кейін NCOC компаниясы халықаралық арбитражға жүгінді.

Анықтама: Халықаралық арбитраж – бұл мемлекеттер мен шетелдік инвесторлар арасындағы дауларды ұлттық соттардан тыс шешу тәсілі. Мұндай істерді арнайы халықаралық алаңдарда тәуелсіз арбитрлар қарайды. Әдетте, арбитраж инвестициялық дауларда, мысалы, мұнай, газ немесе экология саласында қолданылады және елдер арасындағы халықаралық келісімдер негізінде жүргізіледі.

Талқылау Вашингтонда - Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықта (ICSID) өтеді.

Айта кетейік, консорциум құрамына жеті ірі халықаралық энергетикалық компания кіреді:

  • "ҚазМұнайГаз" – 16,88 пайыз;
  • Eni – 16,81 пайыз;
  • Shell – 16,81 пайыз;
  • ExxonMobil – 16,81 пайыз;
  • TotalEnergies – 16,81 пайыз;
  • CNPC – 8,33 пайыз;
  • INPEX Ltd – 7,56 пайыз.

"ҚазМұнайГаздан" басқа қатысушылардың бәрі талап арыз түсірді. Бірақ соңғы шешім әлі шыққан жоқ.

"Регламент бойынша істі қарау орны – Вашингтон қаласы. Қазіргі уақытта істі қарау үшін арбитрлер құрамы жасақталып жатыр. Арбитрлер құрамы шамамен шілденің аяғына қарай бекітіледі", – деп түйіндеді Ваисов.

Бұдан бөлек, өткен жылдың қаңтарында Астана қаласының экономикалық соты NCOC компаниясынан шикі газды нормадан тыс жаққаны үшін 3,5 миллиард теңге өндіріп алды.

Сонымен қатар, халықаралық арбитражға жіберіп алынған пайда, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген зиян мен жемқорлыққа байланысты шығындар үшін 160 миллиард доллардан аса сомаға талап арыз берілген.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +35
Ақтау +30
Ақтөбе +32
Атырау +36
Б
Балқаш +38
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +35
С
Семей +32
Т
Талдықорған +35
Тараз +41
Түркістан +32
О
Орал +33
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер