20 маусым 2022 16:03

25 адамды үтікпен азаптаған. Прокуратура қанша полицей ұсталғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы облысында үтікпен азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші ретінде танылды. Прокуратура бұл іске бес полицейдің қатысы барын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында үтікпен азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші ретінде танылды. Прокуратура бұл іске бес полицейдің қатысы барын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ОКҚ брифингінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістері деректерін тергеу туралы айтқан.

"Қазір ең даулы 8 жағдайды арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Осы істер бойынша арнайы және құқық қорғау органдарының 15 қызметкері күдікті деп танылды, олардың 9-ы қамауда отыр.

Соның ішінде Алматы облысында қыздырылған үтік буын пайдаланып азаптау іcі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде арнайы прокурорлар бес полицейдің қатысы барын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", - деді Шалабаев.

Оның айтуынша, Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу амалдары аяқталды. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, оның өліміне себеп болды деген күдікке ілінген.

Шалабаев азаптау бойынша қылмыстық іс тергеудің ерекшелігімен сипатталатынын атап өтті.

"Жәбірленушілердің көпшілігі бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтай алмайды, өйткені кейбіреуі бетперде таққан немесе арнайы киімсіз болған. Іс бойынша ешқандай бейнематериалдар жоқ, өйткені полиция ғимараттарына шабуыл жасау нәтижесінде құрылғы бүлінген. Осыған қарамастан, дәлелдемелер жинау бойынша тергеу және іс жүргізу әрекеттерінің барлық кешені жүргізуіледі", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети