15 шілде 2022 10:16

250 теңгеден асуы мүмкін. Сарапшылар нан бағасына болжам жасады

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі фото Көрнекі фото

Atameken Business телеарнасы сарапшылары нан бағасының қымбаттауына наразы. Олар бұл әлеуметтік маңызы бар өнім құны 250 теңгеге дейін, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін деп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Atameken Business телеарнасы сарапшылары нан бағасының қымбаттауына наразы. Олар бұл әлеуметтік маңызы бар өнім құны 250 теңгеге дейін, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін деп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның себебі ұн бағасының күрт өсуі, дейді сарапшылар. Жаз басынан бері баға үш пайызға өскен. Диірменшілер мен астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің қаптап келуіне алаңдаулы.

"Нан 250 теңгеден де қымбат болады. Осының бәрі утильалымның, Кедендік одаққа мүше елдер арасындағы сауда саясатын ажыратудың, мақсатты тұжырымдау мен мүдделер қайшылығының шешілмеген мәселесі. Осыдан барып өнімдер бағасына алыпсатарлық әсер етеді. Сондықтан, нан бағасы көтерілсе, таңғалмаңыз", - деді экономист Айман Тұрсынқан.

Ал диірменшілер мен астық өңдеушілер ұн бағасының қымбаттауы олардың кінәсінен емес екенін айтады. Әңгіме шектен тыс экспортта - шетел трейдерлері әлдеқашан дайын өнімді емес, шикізатты сатып алып, өз елінде өңдеп жүр. Осыған байланысты біздің диірменшілерде өңдейтін ештеңе жоқ.

"2022 жылғы шілде бойынша Қазақстандағы 2300 ұн тартатын кәсіпорынның 174-і ғана қалды. Олар өз құны бойынша ғана жұмыс істейді, табыс екі пайызды ғана..." - деді ұн тарту кәсіпорнының директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети