24 қаңтар 2023 09:09

27 градусқа дейін аяз және қар. 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігіндегі таулы аймақтарда атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, жаяу бұрқасын болып, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Жетісу облысының орталығында түнде 25 градус қатты аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -17-19, күндіз -8-10 градус болады.

Алматыда 24-26 қаңтарда: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -3-5 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түскді. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -1-3 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети