21 қазан 2021 10:42

27 жыл бұрын қаза тапқан қазақстандықтың анасына Тәжікстан президентінің марапаты табысталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі Ибодзода Хайрулло ерлікпен қаза тапқан шекарашы Раджан Батырқановтың анасына І дәрежелі "Спитамен" орденін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі Ибодзода Хайрулло ерлікпен қаза тапқан шекарашы Раджан Батырқановтың анасына І дәрежелі "Спитамен" орденін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК сайтында орден тапсыру рәсімі 20 қазанда өткені хабарланды. 

Еске салайық, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бұған дейін Ауғанстанмен шекарада 27 жыл бұрын ерлікпен қаза тапқан қазақстандық әскери қызметкерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

"Спитамен" ордені - Тәжікстанның ежелгі көрнекті қолбасшысы Спитаменнің құрметіне аталған мемлекеттік марапат. I дәрежелі "Спитамен" орденімен әскерді басқарудағы, олардың жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудегі табыстары, әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, қорғаныс қабілетін, қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін жоғары офицерлер құрамы және ішкі істер органдарының басшылары марапатталады.

Раджан Батырқанов - жауынгер-интернационалист, батыр-шекарашы. Жеке қазақстандық құрама батальонының Күршім взводының құрамында қызмет атқарған. 1994 жылы 28 қыркүйекте Хорог шекара отрядының орнында Висхоров шатқалындағы 5, 6-түйісу аймағында бұзып өтпек болған тәжік оппозициясының екі жүзден астам Хаким содырларымен ауыр әскери қақтығысы болды. Бұл шайқасқа қазақстандық біріктірілген батальонның жеке құрамы белсене қатысқан.

"Ол атыс кезінде бір топ адамның біздің шекарашыларымызды айналып өтіп, тылға кіруге тырысып жатқанын байқаған. Кіші сержант бірден олардың әрекеттерін атыспен тоқтатқан. Нәтижесінде, бесеуінің көзін жойған", - деді бірге шайқасқа қатысқандар.

Раджан Батырқанов бірнеше адамды құтқарып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети