23 тамыз 2022 17:37

3 сағатта 2 миллион теңге: қазақстандықтар көптің жүрегін елжіреткен қарияға көмектесті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желі қолданушылары ескі "Запорожец" көлігімен жол апатына ұшыраған павлодарлық зейнеткерге көмектесу үшін үш сағатта екі миллион теңгеге жуық қаражат жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желі қолданушылары ескі "Запорожец" көлігімен жол апатына ұшыраған павлодарлық зейнеткерге көмектесу үшін үш сағатта екі миллион теңгеге жуық қаражат жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісіндегі мәлімет бойынша, павлодарлық қарияның жеке есепшотына жеткілікті қаражат жиналған. Бірақ қария жиналған ақшаның нақты көлемін жарияламауды жөн көрген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@ti.pavlo)

Алғашқы болып қаржы жинауды Екібастұз қаласының тұрғыны Динара Молданазарова ұйымдастырған. Қарияға банк картасын ашуға көмектескеннен кейін ол ақша жинауды тоқтатқан. Бірақ қазақстандықтар 85 жастағы Ефим Никитичтің есепшотына ақша аударуды тоқтатпаған. Бір күннен кейін зейнеткер Instagram желісінде оған жанашырлық танытып, көмек көрсеткендердің бәріне алғысын білдірді.

"Қазір қажетті соманы жинадық, ақша жіберуді тоқтатуды сұраймын. Сау болыңыздар, бәріне бақыт тілеймін", - дейді қария.

Видео сыртында ер адам жиналған қаражат жеткілікті екенін айтады.

"Бір күнде өте жақсы соманы жинадық. Оның үстіне, Ефим Никитичте жаңа көлік алуға да ақша қалады", - деді ер адам.

Қария жол апатына өзін кінәлі санайды. Осыған қарамастан, әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік көлік жүргізушісіне қарт адамға мейірімділік танытып, көлікті жөндеуді талап етпеуді өтінді. Дегенмен, жөндеу үшін ақша төлеуге тура келеді.

"Атаның сақтандыруы жоқ, оның үстіне, Toyota көлігін иесінің өзі емес, жүргізуші тізгіндеген. Қателік атадан кеткен. Шетелдік көлік қатты зақымдалған. Сондықтан қалпына келтіру үшін ақша төлеуге тура келеді. Қазір шығын есептеліп жатыр, сомасы белгілі болғаннан кейін жиналған ақшаны техникалық қызмет көрсету станциясына аударамын", - деді Молданазарова.

Еріктілердің айтуынша, Ефим Никитичтің ескі көлігін қалпына келтіру мүмкін емес. Бірақ бұл енді маңызды емес. Асылбек Андабаев есімді ер адам "Запорожец" көлігін зейнеткерге беруге дайын. Ер адам тіс дәрігері болып жұмыс істейтінін, қазір Ресейде білім алып жатқанын айтты. Ол аптаның аяғына дейін оралып, көлікті павлодарлық қарияға сыйлауға уәде берген.

Еске салайық, бұзылған "Запорожец" көлігі жанында мұңайып тұрған зейнеткердің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын елжіреткен болатын. Желі қолданушылары ескі көлікті жөндеу немесе жаңасын сатып алу үшін ақша жинауға кіріскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети