12 қаңтар 2023 08:58

30 градус аяз, қарлы боран. 12 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 12 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет 12 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, қарлы боран соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-шығысында тұман түседі", - делінген хабарламада.

Түнде Алматы, Түркістан облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында және Жетісу облысында өте қатты 30-33 градус аяз болады, Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында өте қатты 40 градус аяз, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20-24 градус қатты аяз сақталады, Жамбыл облысында 30-33 градус қатты аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -27-29, күндіз -17-19 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -15-17 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети