25 қаңтар 2023 09:09

30 градусқа дейін аяз. 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 28 градус қатты аяз болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады. Батыстан жел соғады, түнде оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -11-13 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -3-5 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -1+1 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети