24 қараша 2022 13:06

4 пайыздық жеңілдетілген автонесие: министр сыбайлас жемқорлық пен кезек туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесі бойынша бірыңғай электрон кезек іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындарымен кездесуде Мусинге 4 пайызбен жеңілдетілген автокөлік несиесін рәсімдеу үшін бірыңғай электрон кезек іске қосыла ма деген сұрақ қойылды. Биыл өтініштер әр автосалон мен банкте бөлек қабылданды.

"Мен бұл мәселені қозғаймын. Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша кезекке тұру, жылжу үшін сыбайлас жемқорлық іркілістері бар екенін естідім. Біз жеке автосалондар туралы айтпағанда, Мемлекеттік қызметтерді олай елестете алмаймыз. Шынында да, біз бұл мәселені ИИДМ-мен бірлесіп жоямыз. Келесі жылы бөлінетін қаражат ашық механизм, электрон кезек бойынша бөлінуі үшін мұны автоөндірушілермен бірге жасаймыз", - деді Бағдат Мусин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети