+40 градусқа дейін аптап: бүгін ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда бейсенбі, 5 маусымда ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында аптап +40 градусқа дейін көтеріледі, ал солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бейсенбі, 5 маусымда ауа райы құбылмалы болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында аптап +40 градусқа дейін көтеріледі, ал солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +23…+25.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +37…+39.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Жел солтүстік-батыс, батыс бағытында 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +26…+28.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады, 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +30…+32.

Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстіктен 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +31…+33.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +28…+30.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +23…+25.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +24…+26.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз аптап ыстық +33…+35.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыс, батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +26…+28.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс, солтүстік-шығыстан 7-12 м/с, облыс орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +36…+38.

Павлодар – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +27…+29.

Петропавл – бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыс, батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +24…+26.

Семей – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +31…+33.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +33…+35.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +35…+37.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз аптап ыстық +38…+40.

Орал – құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +23…+25.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +31…+33.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer