Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

40 тонна қант тиелген жүк көлігі Ресейден Қазақстанға өткізілмеді 18 мамыр 2022, 09:01

Ресейдегі Саратов кеденінің қызметкерлері Қазақстанға 800 қап қант тиелген көлікті шығаруға кедергі жасады. Ақпаратты ведомствоның баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: vzsar.ru сайтынан Фото: vzsar.ru сайтынан

Ресейдегі Саратов кеденінің қызметкерлері Қазақстанға 800 қап қант тиелген көлікті шығаруға кедергі жасады. Ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Взгляд-инфо" жергілікті ақпараттық басылымына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына жақын жерде Саратов облысының Озин аумағында кеден қызметкерлері тіркемесі бар жүк көлігін тексерген, ол құжаттарға сәйкес 20 тонна бидай ұнмен келе жатқан. 

"Тексеру кезінде инспекторлар ұн пакеттерінің астынан салмағы 40 тонна болатын 800 қап ақ қант тапты, оны қазіргі уақытта Ресей Федерациясынан әкетуге тыйым салынған", - деп түсіндірді Саратов кеденінің бөлім бастығының орынбасары Сергей Душутин.

РФ ӘҚБтК-нің 16.3-бабы "Ресей Федерациясынан тауарларды әкетуге тыйымдар мен шектеулерді сақтамау" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Заң бұзушыларға тауарды тәркілеумен қатар 300 мың рубльге дейін айыппұл салынады.

Саратов кедені Ресей Федерациясы Үкіметінің 14 наурыздағы № 361 "Ресей Федерациясынан ақ қант пен шикі құрақ қантын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" қаулысымен қант экспорттауға тыйым салынған тауарлар тізіміне енгізілгенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram