26 қараша 2019 12:46

400-ге жуық шетелдік Қазақстаннан шығарылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Шетелдіктерді жұмысқа тартқан компанияларға 92 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шетелдіктерді жұмысқа тартқан компанияларға 92 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр 2019 жылдың тамызынан 393 шетелдіктің Қазақстаннан шығарылғанын айтып өтті.

"Батыс өңірлерде жұмыс берушілердің тарапынан ережебұзушылықтар анықталды - шетелдік және жергілікті мамандарға еңбекақы төлеу мәселесі бойынша. Мұндай проблема осыған дейін де болатын. Сондықтан Еңбек инспекциясы Бас прокуратураның тапсырмасымен 30-дан аса шетелдік маман жұмыс істейтін 95 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Онда 393 ережебұзушылық дерегі анықталды - еңбек және көші-қон заңнамасы сақталмаған. (...) Тексеріс нәтижесі бойынша 393 шетелдік Қазақстаннан шығарылды", - деді министр.

Нұрымбетов компания шетелдік жұмыс күшін пайдаланып, жүйелі түрде заңнаманы бұзып келсе, оған қатысты шаралар қатаңдатылуы тиіс екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети