09 сәуір 2020 16:25

42 500 теңге алуға қалдырылған өтініштерді қарау мерзімі кешіктіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

42 500 теңге төлемге өтінімдерді қарау уақыты олардың көбінің бірнеше рет қайталануы себебінен кешіктіріл, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


42 500 теңге төлемге өтінімдерді қарау уақыты олардың көбінің бірнеше рет қайталануы себебінен кешіктіріл, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, бастапқыда бұл өтінімдерді қарап, деректерді тексеру мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. 

ЭДегенмен біраз қазақстандық аталған қызметке бірнеше рет жүгінгендіі жөн көретіні байқалды. Мәселен 8 сәуір түнгі 11-дегі жағдай бойынша 3,1 миллион хабарламаның 1,3-і қайталанатын болып шықты. Барлық өтінім саналуан деректер қорында мұқият сүзгіден өтеді. Оның ішінде адамның аты-жөні, ЖСН мен банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар айрықша екшеледі", - дейді министрліктегілер.

Оларды тауып, қайталанатындарын алып тастау үшін 3,1 миллион өтініштің әрқайсын жан-жақты қаралау қажет дейді олар.

"Осылайша өтінімді қарау аралығы созылып кетуі ықтимал. Сондықтан, азаматтардан, 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмасаңыздар да алаңдамауларыңызды сұраймыз. Әр өтініш бойынша ақпарат тексерілгеннен кейін міндетті түрде өтінім жолдаушыға қабылданған шешім жайы жеткізіледі", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot мекенжайы бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети