18 тамыз 2020 18:13

42 500 теңге төлеу жалғаса ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов қазақстандықтарға 42 500 теңге төлем беру жайлы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов қазақстандықтарға 42 500 теңге төлем беру жайлы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар алаңында журналист: "Наурыздың ортасынан бері жұмысы тоқтап қалған салалар бар. 42 500 теңге кинотеатр, бар, караоке және бассейн қызметкерлеріне төлене ме?" деген сұрақ қойды. 

"Бүгінде ТЖ кезінде де, карантин кезінде де, шілдеде және тамыздың екі аптасында ол төленді. Менің білуімше, басқасы бойынша, карантин режимі жеңілдеп жатыр. Кәсіпкерлердің бір бөлігі жұмысын бастайды", - деді Серік Шәпкенов.  

"Сондықтан бүгінде, мендегі ақпарат бойынша, ҰКП Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп қазір қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерді қолдауды қарастырады. Сондықтан, мұны, 42 500-ді төлеуді жалғастыру деген жоқ", - деді ол. 

"Карантин жеңілдеп жатыр, бірақ оған қарамастан ашылуға рұқсат берілмеген мекемелер бар. Демек, сіз мемлекет олардың жұмыс істеуіне тыйым салып отырғанын және оларға 42 500 теңге төленбейді ме?", - деді журналист. 

"Карантин жеңілдеп жатқандар жайлы, олардың жұмысы жеңілдеген болса да олар жұмысын жалғастырады. Бірақ жұмысы тоқтап қалғандарға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлттық экономика министрлігімен қолдау жұмыстарын, қолдау шарасын қабылдайды", - деді вице-министр.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети