1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

42 500 теңге зейнетақы қорынан алына ма? Желіде тағы фейк тарады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгенің зейнетақы қорынан аударылатыны туралы хабаралмаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудио WhatsApp-та тарап жатыр.

"Қайырлы кеш. 42 500 теңге туралы айтайын деп едім. Әлі толтырмағандар, естеріңізде болсын, 42 500 теңгені сіздің зейнетақы қорыңыздан алады. Яғни, өзіміз салған ақшаны қайтадан карточкамызға салып береді. Бүгін әкем ақшаларын БЖЗҚ-дан номад Лайфқа ауыстырып қойды. Енді номад Лайфтан 42 500 теңге алынғаны туралы ақпарат келіп тұр, өкінішке қарай, ол ақша әлі карточкаға да түскен жоқ. Осы естеріңізде болсын", - делінген мессенджерде тараған ақпаратта. 

Министрлік бұл хабарламаның фейк екенін айтады.

"Мессенджерлерде тарап кеткен 42 500 теңге әлеуметтік төлемді зейнетақы қорынан алынатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтарды фейк ақпараттарға сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқан адамдар заң бойынша жазаланады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!