24 желтоқсан 2020 14:15

42 градусқа дейін аяз. Еліміздің 4 өңірінде ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.


Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" мәліметінше, 25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады. Ал 26 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде ауа температурасы 33 градусқа күрт төмендейді.

26 желтоқсанда Павлодар облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 38 градус аяз болады, 27 желтоқсанда түнде 32-37, кей жерлерде 40 градус аяз болады.

26 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 30 градус аяз болады. 27 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аязқа дейін төмендеуі мүмкін.

26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градус дейін күрт төмендейді, аяз болады. Ал 27 желтоқсанда минус 42 градус болуы ықтимал.

"Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 пайыз", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балалардың көшеде жүруіне жол бермеуге кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети