Ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал қалған өңірлерде құрғақ әрі ыстық ауа райы күтіледі. Күндіз кей аймақтарда термометр бағаны 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 34-36 градус ыстық болады.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.
Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, күндіз екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 38-40 градус қатты ыстық.
Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы, күндіз 32-37 градус ыстық, облыстың оңтүстік-батысында 40 градус өте қатты ыстық болады. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.
Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аймақтарында 8-13 градус жылы, күндіз 33-38 градус ыстық, облыстың таулы аймақтарында 23-28 градус жылы.Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа
температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 35-37 градус ыстық.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың шығысы мен солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, облыс шығысында 22, облыстың таулы аймақтарында 10 градус жылы, күндіз 32-37 градус ыстық, облыс солтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық, облыстың таулы аймақтарында 30 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10, күндіз екпіні 14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 32-34 градус жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың таулы аймақтарында 18 градус жылы, күндіз 37-42 градус ыстық, облыстың таулы аймақтарында 33 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 25-27 градус жылы, күндіз 40-42 градус ыстық.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23 градус жылы, күндіз 33-38 градус ыстық, облыс оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық. Орал - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.
Атырау облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, облыс оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыс шығысында жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-24 градус жылы, күндіз 33-38 градус ыстық, облыс оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық. Атырау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 35-37 градус ыстық.
Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 23-28 градус жылы, күндіз 40-45 градус өте қатты ыстық, облыс батысында 30-35 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 33-35 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде облыстың батысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыс оңтүстігінде 27 градус жылы, күндіз 33-38 градус ыстық, облыс оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық, облыс солтүстігінде 30 градус жылы. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 30-32 градус жылы.
Қостанай облысы - таңертең және күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 31-36 градус ыстық, облыс оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 34-36 градус ыстық.
Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 31-36 градус ыстық. Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 жылы, күндіз 31-36 градус қатты ыстық болады.Павлодар - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылы, күндіз 28-33 жылы, облыстың батысы мен оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық. Қарағандыда - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық болады.Жезқазған - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 36-38 градус қатты ыстық.
Шығыс Қазақстан облысы - облыстың шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 27-32, облыстың шығысында 24 жылы.Өскемен - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-батысы мен орталығында екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 27-32 жылы, облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық.Семей - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың орталығында, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 24-29 жылы, күндіз 37-42 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 45 градус өте қатты ыстық.Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 жылы, күндіз 40-42 градус қатты ыстық.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 15 жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 33 жылы.Тараз - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 36-38 градус қатты ыстық.