05 ақпан 2021 13:23

"5 мың ағаш кесілді". Алматыда заңсыз ағаш кесуден келген шығын есептеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы қаласында Жасыл экономика басқармасының рұқсатынсыз Бостандық ауданы мен Іле-Алатау паркінің шекарасында ағаштарды заңсыз кесілген. Мамандар кесілген ағаштардың саны мен тұқымдық құрамын анықтап, келген залал құнын есептейді. Экобелсенді Тимур Елеусізов 5 мыңнан аса ағаш оталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласында Жасыл экономика басқармасының рұқсатынсыз Бостандық ауданы мен Іле-Алатау паркінің шекарасында ағаштарды заңсыз кесілген. Мамандар кесілген ағаштардың саны мен тұқымдық құрамын анықтап, келген залал құнын есептейді. Экобелсенді Тимур Елеусізов 5 мыңнан аса ағаш оталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ағаштарды кесіп жатқан видеоны Kaz Eco Patrol негізін қалаушы Тимур Елеусізов парақшасында жариялады. Видеода экобелсенді ағаштардың орнын көрсетіп, жағдайды айтып бері.

"Бостандық ауданы мен Іле-Алатау паркінің шекарасында ағаштар кесілді. Мұнда "Қазселденқорғау" ТЖ-мен бірлесіп селден қорғау бөгетін салады. Жасыл желектерді кесуге рұқсат берілмеген. Шамамен есептеуім бойынша 5 мыңнан аса ағаш кесілген. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет", - деді Тимур Елеусізов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тимур Елеусизов (@timur_yeleussizov)

Жасыл экономика басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында учаскеде жасыл желектің кесілгенін растады. Сондай-ақ, бұл жерде Бостандық ауданындағы Ақсай өзенінің сағасынан төмен Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысында сел ұстайтын бөгет салынып жатқанын хабарлады.

"Шынында да учаскеде ағаш кесу жұмыстары жүргізілді. Басқарма бұл мекенжайда жасыл желектерді кесуге рұқсат берген жоқ. Ағаштардың саны, тұқымдық құрамы, келтірілген залалды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз", - деп хабарлады басқарма қызметкері.

Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті жерде жүріп жатқан жұмыс туралы ақпарат беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети