6 мыңға жуық адам электронды білезіктер арқылы бақыланады - Қасымов

25 Қыркүйек 2017, 11:25
0
6 мыңға жуық адам электронды білезіктер арқылы бақыланады - Қасымов - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 2018 жылы 6 мыңға жуық адамның электронды білезік тағатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пробациялық бақылауда жүрген адамдарды электронды түрде бақылау. Бұл жерде электронды білезіктерді енгізу туралы айтылып отыр. Жыл сайын 6 мыңға жуық осы білезіктермен бақылауда жүретін болады", - деді Қасымов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында.

Сондай-ақ, ол министрліктің бұл жобаны басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен талқылап жатқанын айтып өтті.

"Келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", - деді министр. Сонымен қатар, Қасымов бұл жүйенің бақылау ережелерін бұзуға жол бермейтінін айтты.

"Қызметкерлер белгіленген тәртіпті бұзғысы келгендердің кез келген әрекетіне тосқауыл қояды", - деп уәде берді ішкі істер министрі.

Айта кетейік, үкімет сағатының алдында депутаттарға бақылау құралдары көрсетілді. Сотталғандарды және шартты түрде сотталғандарды бақылау мақсатында қолданылатын электронды құралдар таныстырылды.

Сондай-ақ, министрліктің баспасөз қызметіндегілер сотталушылардың осы білезіктер арқылы операторлармен байланысқа шыға алатынын нақтылады. Электронды білезіктің станциясында сотталушының қай жақта жүргені GPS арқылы көрсетіліп, ІІМ серверіне жіберілетін болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай