17 сәуір 2020 13:31

6,6 миллион қазақстандық 42 500 теңгелік төлемге өтініш берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан 3 миллион 482 мың адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан 3 миллион 482 мың адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 сәуір сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, "42 500 теңге" төлеміне 6 миллион 671 мың адам өтініш берген. 

Бірегей өтініштердің ең көп саны:

- Алматы облысы – 846,5 мың;

- Түркістан облысы – 801,6 мың;

- Алматы қаласы – 784,2 мың;

- Нұр-Сұлтан қаласы – 507,8 мың;

- Шымкент қаласы – 431 мың.

Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған:

- Алматы облысы – 520 мың;

- Түркістан облысы – 415,6 мың;

- Алматы қаласы – 333,2 мың.

Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күніне тең. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз.

МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:

– жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– ҚР Салық кодексінің 774 бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға тағайындалады.

1-ші және 2-тармақшалар ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети