24 маусым 2021 10:51

6G жасауға 100 миллиард доллардан аса қаражат кетеді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем 6G мобильдік желінің жаңа буынын 10 жылдан кейін жасай бастайды. Ал ғылыми-зерттеуге жұмсалатын қаржы 100 миллиард доллардан асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.


Әлем 6G мобильдік желінің жаңа буынын 10 жылдан кейін жасай бастайды. Ал ғылыми-зерттеуге жұмсалатын қаржы 100 миллиард доллардан асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Әлем мобильдік желінің келесі, алтыншы буынын жасауға 10 жылда кіріседі. Сол уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарына, біздің есебіміз бойынша, 100 миллиард доллар жұмсалады. Ресейде бұл желі 5G секілді қолданысқа кешірек енгізіледі. Шамамен, 2033-2036 жылдары", - деді Ұлттық технологиялық бастаманың құзыреттілік орталықтары басшысының орынбасары Сколтеха Александр Сиволобов.

Маманның айтуынша, қазір әлемнің 60 еліндегі 160 оператор бесінші буындағы мобильдік желіні іске қосқан.

"Заманауи экономика сенімді әрі жылдам байланыссыз алға жылжымайды. Тұтынушылар жылдам сымсыз желіні қажет ететін мобильді құрылғыларды, көліктер мен құралдарды көптеп сатып алып жатыр. Жаңартылған құрылғылар трафикті көп жіберіп, сәйкесінше көп қабылдайды. Осы жағдайлар заманауи желілік технологияларға сұраныстың артуына әсер етіп жатыр", - деп мәлімдеді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети