10 ақпан 2023 16:28

"7-20-25" бағдарламасына қатысты дүрбелең: қазақстандықтарға үндеу жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанның орнықтылық қоры (Ұлттық банктің еншілес ұйымы) "7-20-25" бағдарламасына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның орнықтылық қоры (Ұлттық банктің еншілес ұйымы) "7-20-25" бағдарламасына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, "7-20-25" бағдарламасы өз жұмысын жалғастырып жатыр. 2023 жылға лимит 100 миллиард теңге болып белгіленді.

"2018 жылдан бері қолданылып жүрген механизмге сәйкес, банктер алдымен ішкі құжаттарды ескере отырып, қарыз алушының бағдарламаға сәйкестігін, оның несиелік қабілетін бағалайды және несие береді.

Бағдарламаның операторы "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ банктердің бағдарлама талаптары бойынша берген қарыздарын өтеу сәтінде қолданыстағы бағдарлама бюджеті шегінде өтейді. Осылайша, бағдарлама бойынша банктерді алдын ала қаржыландыру жүргізілмейді", - делінген хабарламада.

Қазақстанның орнықтылық қоры "7-20-25" бағдарламасы тек пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйлерді несиелетінін еске салады.

"Яғни, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді алдын ала брондау өтініш беруге негіз болып табылмайды және "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несиеге кепілдік бермейді", - деп толықтырды қор өкілдері.

Қор мәліметінше, тұрғын үй таңдалмаған немесе пайдалануға берілмейтін кезеңдерде азаматтардың серіктес банктерге жаппай жүгінуі екінші деңгейлі банктердің скоринг жүйесіне қосымша салмақ түсіреді.

"Қазақстанның тұрақты даму қоры" азаматтарды таңдаған тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда ғана банктерге жүгінуді сұрайды", - деп атап өтті ұйым өкілдері.

Сондай-ақ, азаматтардың бағдарламаға бір реттен көп емес қатыса алатыны атап өтілді. Егер әлеуетті қарыз алушы осы бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алған болса, оған қайта қатысудан бас тартылады. Бағдарлама шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети