7 мыңға жуық қазақстандық карантинде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 мыңға жуық қазақстандық карантинде жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты елімізде қанша адамның карантинде жатқанына қатысты мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінде 6 963 қазақстандық карантинде жатыр. Оның 2 164-і стационарлық, ал 4 799-ы үй карантинінде.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтарғандардың саны 97-ге жетті.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында - 34 адам,  Қарағанды қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Екі күннің ішінде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 25-ке өскен Осылайша, стационарлық каратинде жатқандар 459-ға, үй карантиндегілер 1806 адамға артты.

Осыған дейін Қазақстанда екі науқастың коронавирустан жазылғанын хабарлағанбыз. Олар бүгін ауруханадан шығарылады.

Айта кетейік, 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +24
Атырау +28
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +16
П
Павлодар +19
Петропавл +17
С
Семей +20
Т
Талдықорған +21
Тараз +28
Түркістан +23
О
Орал +18
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер