24 ақпан 2023 16:13

"70 жылда біз емес, үйіміз шаршады". Алматылық Досаевты күлдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу ауданы тұрғындарының бірі Ерболат Досаевпен кездесуде Алматы әкімін күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу ауданы тұрғындарының бірі Ерболат Досаевпен кездесуде Алматы әкімін күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарт кісі мегаполис басшысынан тозығы жеткен үйін жөндеу бағдарламасына қосуды өтінді.

"Біз, Боткин көшесінде орналасқан екі қабатты үйдің тұрғындары. Сол кезде басшылар келіп, 2025-2026 жылдардағы жөндеу жұмыстары туралы айтты. Оларға да, сізге де рақмет. Бірақ біздің өтінішіміз бар. 70 жылда аздап шаршады: біз емес, үйлер шаршады.

№11 үйіміз шаршап, шыдамай өртеніп кетті. Біздің №11 және №13 үйлерді жөндеу бағдарламасына енгізуіңізді сұраймыз. Бізге көмектесіңіз", - деді ер адам.

Досаевтың Жетісу өңірі тұрғынының сөзіне реакциясы

Жауап ретінде Досаев "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметтерін нақтылаған соң, бұл мәселені шешуге уәде берді.

"Алматы" ӘКК мамандары Боткин көшесіндегі үйлеріңізді тағы бір тексеріп көрсін. Үйлер 70 жылдан бері "шаршады" дейсіздер. Сондықтан жоспарларын қарап, шара қолданады", - деді қала әкімі.

"Алматы" ӘКК Боткин көшесіндегі үйлер 2026 жылға қарай жөндеу бағдарламасына енетінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети