02 қазан 2022 10:14

72 жастағы марафоншы Ақтауға жаяу жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Otyrar.kz Фото: Otyrar.kz

72 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев Ақтауға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 


72 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев Ақтауға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұлытау өңірінің тумасы аймақтарға сапарын биыл 31 наурызда бастаған болатын. Ақтауға 7 айда жетті. Шағын арба жетектеген атайды жолда кездескендер жапатармағай фотоға түсіріп, сәт сапар тілеген сәтін ғаламтордан көруге болады. Суық жел, аптап ыстыққа қарамастан мұратына жеткен қария туған жеріне ұшақпен оралады.

Ақтауға аман-есен жеткен қарт күніне 40 шақырым жүрген. Осылайша, Ұлытаудан Маңғыстауға дейін 8 мың шақырымды жаяу еңсерген.     

"Ешқандай да қиындық болған жоқ. Алланың берген қуатының арқасында. Одан да биік өткелдерден өткем. Көмек көрсетейін деген адамдар көп, мен олардан бас тарттым. Себебі жаяу жүремін деп шарт қойғам өзіме", - дейді жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев.  

Кешке мезгілде елді мекенге жете алмаса Сәрсенбай атай далада қонған. Шатыры, жылы киімдері мен тамақ-сусыны шағын арбаға тиелген. Жолаушы жүгінің салмағы 60 келідей. Сыртынан балмұздақ сатушы деп ойлаған адамдарды жолда жиі көргенін айтады. 

"Мен осы кісіні желіден көріп, жасым білдім. 72-де. 10 жас менен үлкен былай қарағанда. Сосын мен осы жылдан бастап теңіз жағасына келіп, салқын суға түсетін болдым. Тек маған емес, бүкіл елге мотиватор кісі ол", - дейді қала тұрғыны Анастасия Бертілеуова.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети