06 наурыз 2017 15:49

8 наурыз: Мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге бола ма? Министрліктің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ өкілдері мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге "тыйым салу" туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР БҒМ өкілдері мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге "тыйым салу" туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде 8 Наурызға гүл мен сыйлық беруге тыйым салынған деген тақырыптың аясында белсенді түрде пікірлер жазылып жатыр. Мектептерде мұғалімдерге оқушылардың гүл мен сыйлық сыйлауына тыйым салынды деген хабарлама тарап жатыр. 

ҚР Білім және Ғылым министрлігі осы мәселе бойынша пікір білдірді. Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева бұл хабарламаны жоққа шығарды. 

"Қазіргі уақытта ата-аналар тарапынан көптеген сұрақ мен қоңырау түсіп жатыр, сайтымызға жазып жатыр. Мұғалімдерге мереке қарсаңында гүл сыйлауға тыйым салынды деген жарлық болған емес, болмайды да. Министрліктің тарапынан мұндай тыйым салу болған емес. Мұны ресми түрде айтамыз", - деді Эльмира Суханбердиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети