03 наурыз 2019 15:57

8 Наурызда сатылатын ең танымал гүлдер қанша тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гүл сататын бірнеше интернет-дүкендердің бағаларын зерттеп көрді. Сатушылар 8 Наурызға қандай гүл шоқтарын ұсынады және олар қанша тұрады?


Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гүл сататын бірнеше интернет-дүкендердің бағаларын зерттеп көрді. Сатушылар 8 Наурызға қандай гүл шоқтарын ұсынады және олар қанша тұрады?

Қызғалдақ. Үш гүлден тұратын букет Астанада 1400 теңгеден басталып, жоғарылай береді. Алматыда қызғалдақтың бір данасының орташа бағасы - 600 теңге. 75 қызғалдақтан тұратын букет 45 теңге болады. 201 қызғалдақ - 110 мың теңге. 

Қораптағы раушан гүлі сатып алушыларға қымбатқа түседі. Барлығы раушан санына және орам көлеміне байланысты. Мысалы, қара стильді қораптағы 45 раушан гүл шоғы 35 мың теңгеге жуық болады.

Егер басқа қалаларда гүл шоғы арзан болады деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Мысалы, Қостанайда мұндай раушан гүл қорабы 42 мың теңгеге жуық болады.

Раушан гүлдер мен тәттілер салынған қораптың құны - 22 мың теңге.

Қостанайда тәттілерден жасалған гүл шоғы 7000 теңгеден жоғары болады. "Киндер" себеті - 34 мың теңге.

Жеміс букетін сатып алушылар 15 мың теңгеден бастап шығындалады.

3D гүлден жасалған қонжықтар интернет-дүкендерде орташа бағасы - 14 мың теңге.

15 қызыл раушан гүлінің классикалық букеті 12 мың теңге шамасында. Ал 101 раушан гүл шоғы - 65 мың теңгеден басталады. 

Ал егер сіз гүлді қаламайтын болсаңыз, онда интернет-дүкендер құны 13 мың теңгеге ер адамдарға арналған букеттер ұсынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети