18 шілде 2023 11:32

"9 көліктің дөңгелегі тесілген". Желіде Оралдағы шұңқыр жолдардың видеосы тарады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал тұрғыны қаладағы шұңқырлары көп жолды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Орал тұрғыны қаладағы шұңқырлары көп жолды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаланың солтүстік бөлігіндегі Шолохов көшесіндегі шұңқырлары көп жолды көлік жүргізушілерінің бірі видеоға түсіріп алған. Жолдың аз ғана бөлігінде көптеген шұңқыр көрінеді. Видео авторының айтуынша, дәл осы жолдың кесірінен, тоғыз жүргізуші көліктерінің дөңгелектерін зақымдап алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @alqabay_news

Тілшіміз қалалық әкімдікке түсініктеме алу үшін жүгінген еді. Шенеуніктер Шолохов көшесінде мамыр айының ортасында жолда күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Шұңқырларды уақытша жабудың пайдасы жоқ, өйткені бұл жол жақын арада толығымен қайта жөнеделеді.

"Жөндеу жобасы екі жылға есептелген. Жолдың жалпы ұзындығы 4,6 шақырым болады. Жөндеу үш кезеңде жүргізіледі. Қазіргі уақытта бірінші учаске таяуда аяқталып, жақын арада ашылуы керек. Видеодағы шұңқырлар екінші жолға қатысты болуы мүмкін. Сондықтан бұл учаске жақында қайта жөндеуге жабылады.

Жоба бойынша төрт жолақты жолды алты жолақтыға дейін кеңейту жоспарланған. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыру қарастырылған", - деді Орал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Оспан.

Ол биыл қаладағы жалпы ұзындығы 72 шақырым болатын 60-тан астам көшені жөндеу жоспарланып отырғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети