Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

90 жастағы соғыс ардагері әкімнен баспана сұрады

19 Ақпан 2014, 12:51
0
Фото Кazakzaman.kz
Фото Кazakzaman.kz
90 жастағы соғыс ардагері Астана қаласының әкімінен баспана сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімінің есеп беруінен соң сұрақ қойған қала тұрғындары арасында соғыс ардагері әкімге өтініш білдірді.

"Менің жасым тоқсанда. Астана қаласына көшіп келгені төрт жыл болды. Содан бері аспана кезегіне тұрмын. Бірақ пәтер берушілер үй алу үшін 5 жыл күту керектігін айтады. Алайда оған дейін бұл өмірде бармын ба, жоқпын ба, ол жағы белгісіз. Сондықтан осыны ескеріп, мәселемді назардан тыс қалдырмауыңызды сұраймын", - деді атын атамаған Ұлы Отан соғысының ардагері.

Дегенмен ақсақалдың өтінішіне әкім қырын қарамады. Ардагерге ұзақ өмір тілеген Иманғали Нұрғалиұлы: "Бүгінде соғыс ардегерлері тегіс баспанамен қамтылды. Осы уақытқа дейін бір ғана ардагер пәтер кезегінде тұрған еді. Сіз пәтерді бес жыл күтпейсіз. Бұйырса, мерекеге дейін баспана береміз деген ойымыз бар-тын. Дегенмен, айта кетейін, бір ай ішінде баспаналы боласыз. Мен оған уәде беремін", - деді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай