Cауд Арабиясының королі Назарбаевқа бағалы сыйлық жолдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сауд Арабиясының королі Салман Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевқа қасиетті Қағбаның жамылғышын беріп жіберді. Бұл туралы Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези Астанада Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырып жатқан кезде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясының королі Салман Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевқа қасиетті Қағбаның жамылғышын беріп жіберді. Бұл туралы Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези Астанада Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырып жатқан кезде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Президентімен кездесу - мен үшін үлкен құрмет. Оған сенім грамотасын тапсырғаныма қуаныштымын. Сондай-ақ, Президент Сауд Арабиясының королі жіберген қасиетті Қағбаның жамылғышын қуанышпен қабыл алды", - деді Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези

Қағбаның жамылғышы қара жібек матадан жасалған және онда алтыннан жасалған өрнектер бар. Жамылғыштың ұзындығы - 41 метр.

Айта кетейік, бүгін Ақордада жеті елдің елшісі Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырды. Грамоталарды Қазақстандағы Марокко елшісі Әбделжалил Собри, Оңтүстік-Африка Республикасының елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс, Біріккен Араб Әмірлігінің елшісі Мухаммед Ахмед Султан Иса Әл-Джабер тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези, Малайзия елшісі Дато Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман, Грузия елшісі Зураб Абашидзе, Моңғолия елшісі Лувсан Баттулга Қазақстан Президентіне грамоталарды тапсырды. Сенім грамоталарын алған Нұрсұлтан Назарбаев делегаттарды Қазақстандағы дипломатиялық қызметімен құттықтаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro