16 мамыр 2016 16:44

EXPO-2017 көрмесінің билеттері 10 маусымнан бастап онлайн сатылымға шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Smithgill.com © Smithgill.com

EXPO-2017 көрмесінің билеттері 10 маусымда онлайн түрде сатыла бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қоғамдық кеңестің отырысы барысында мәлімдеді.

"Бір айдан аз уақыт ішінде билеттер халықаралық сатылымға шығарылады. Бірден айта кетейін - бұл онлайн сатылым. Билеттер касса арқылы тамыз айларында ғана сатыла бастайды, ал онлайн сатылым 10 маусымда іске қосылады", - деді Есімов.

Ол туристердің және ел тұрғындарының осы шараны көруге мүмкіндігі болу үшін Қазақстанның Халықаралық көрме бюросымен ең төменгі бағаға келісе алғанын баса айтты.

Компанияның басқарма төрағасы көрме билетінің нақты қанша тұратынын айтқан жоқ. "Оны жақында ғана таңдап алынған оператор шешеді. Айта кетерлігі, көрме билеттері кинотеатр билеттерінен аса қымбат емес", - деді Есімов.

Сонымен қатар, ол қазірге дейін 84 елдің және халықаралық 14 ұйымның шараға қатысатынын растағанын айта кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети