“Келсем, жабық екен“. Турист Алматы іргесіндегі ЮНЕСКО тізіміне енген көне қалашыққа кіре алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Келсем, жабық екен“. Турист Алматы іргесіндегі ЮНЕСКО тізіміне енген көне қалашыққа кіре алмаған Бейнеден алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында орналасқан ортағасырлық Талхиз қалашығы туралы видео қызу талқыланып жатыр. Видео авторы ЮНЕСКО тізіміне енген бірегей тарихи нысанды тапқанымен, кешеннің қақпасы жабық болып шықты. Tengri Travel редакциясы тарихи ескерткіштің қалай жұмыс істейтінін және ол жерге неге алдын ала жазылып барған дұрыс екенін білді.


Әлеуметтік желілерде Алматы облысында орналасқан ортағасырлық Талхиз қалашығы туралы видео қызу талқыланып жатыр. Видео авторы ЮНЕСКО тізіміне енген бірегей тарихи нысанды тапқанымен, кешеннің қақпасы жабық болып шықты. Tengri Travel редакциясы тарихи ескерткіштің қалай жұмыс істейтінін және ол жерге неге алдын ала жазылып барған дұрыс екенін білді.

Не болды?

Блогер әрі саяхатшы Владислав Талғарға жасаған сапарынан кадрларын бөлісті. Көне қалашыққа тап болған ол, ішке кіру мүмкін емес екенін білген.

"Талғарға видео түсіруге келіп, кездейсоқ ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін Талхиз қалашығына тап болдым. Бірақ жеткенімде ол жабық болып шықты. Көрсетілген нөмірге қоңырау шалдым, маған алдын ала хабарласып, экскурсияға тапсырыс беру керектігін түсіндірді - сол кезде маман келіп, бәрін ашып, көрсетеді екен. Меніңше, бұл жер өте жоғары бағалануға лайық, бірақ әзірге ескерусіз қалып жатқандай", - дейді Владислав видеода.

Саяхатшының пікірінше, бұл жерде қолөнершілері, шығыс базарлары, қыш шеберханалары мен зергерлік дүкендері бар ұлттық нақыштағы туристік қалашық ашуға болар еді.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Vlad Pritulyak | Обзоры 🇰🇿 🌍 (@vladpritulyak)

"Есік" музей-қорығы не дейді?

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына сауал жолдадық. Ондағылар Талхиз қалашығы тек жұмыс күндері қызмет көрсететінін хабарлады.

"Талхиз қалашығы күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейді. Экскурсиялар алдын ала жазылу бойынша қабылданады. Экскурсияны брондау кезінде уақытты алдын ала келісіп, қатысушылардың нақты санын көрсету қажет", - дедә музей-қорық өкілдері.

Музей-қорық мамандары жұмыс күндері нысан барлық келуші үшін ашық екенін қадап айтты. Алайда егер туристер тобы келуді жоспарласа, алдын ала жазылу міндетті.

Талхиз қалашығы туралы не белгілі?

Талхиз қалашығы ЮНЕСКО тізіміне 2014 жылы енген, ал 2018 жылдан бастап "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қарамағына өткен.

"2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне "Жібек жолы: Чанъань - Тянь-Шань тауы дәлізінің бағыттар желісі" трансұлттық нысанының құрамында енген ортағасырлық Талғар (Талхиз) қалашығы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ортағасырлық қала мәдениетінің ең маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылады. 2018 жылдан бастап ескерткіш "Есік" музей-қорығына тұрақты пайдалануға берілді, ол күзету, сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады", - делінген ресми жауапта.

Қазіргі уақытта аумақта ғылыми зерттеулер жалғасып жатыр. Қазақстандық және шетелдік археологтар Ұлы Жібек жолындағы қалалардың қалай дамығанын тереңірек түсіну үшін көне құрылыстардың қалдықтары мен жәдігерлерді зерттеп жатыр.

Қалашыққа баруды жоспарлағандар үшін мынадай қызметтер ұсынылады:

  • экскурсиялар;
  • ғылыми-танымдық іс-шаралар;
  • көрме және білім беру жобалары.
TengriTravel
;