15 мамыр 2017 17:24

EXPO-2017 құрылысы жайлы даулы видеоның авторы кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO-2017 құрылысы жайлы түсірілген видеоның авторы Вячеслав Павлюков кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


EXPO-2017 құрылысы жайлы түсірілген видеоның авторы Вячеслав Павлюков кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен кешірім сұрау үшін осында келдім. Маған онда расында паркинг екенін айтты. Осыдан үш апта бұрын видеоны достарыма жібердім, бірақ кеше, бүгін осыған байланысты шу шығып кетті", - деді Вячеслав Павлюков брифинг барысында.

"Бұл мәліметті жоққа шығару үшін және кешірім сұрау үшін осында келіп отырмын. Инженерлер-жобалаушылар онда паркинг екенін айтып түсіндірді, - дейді видео авторы.

"Дереккөзге назар аударайықшы. Материалды алып келген адам заманауи құрылыс технологиялары жайлы айтып жатыр. Ол білімді, оқыған адам шығар. Бірақ ол адамда осындай шешімге келу үшін толық мәлімет жоқ", - деді өз кезегінде "Астана ЭКСПО - 2017" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Ал "Сембол" компаниясының жоба менеджері Ахмед Қарахан видеода паркингтің шатырын дайындау бойынша жұмыстардың жүргізілгені түсірілгенін айтты.

"Түсініспеушілік болды. Біз құм, топырақ сияқты материалдарды қолдана алмаймыз, өйткені ол шыдай алмайды. Себебі онда паркинг болады", - деді Ахмед Қарахан.

"Біз осыдан бірнеше күн бұрын осы аймақты сынақтан өткіздік. Су толтырылған өрт сөндіру машиналары жүріп өтті. Конструкция шыдады", - деді ол.

"Қолданылған материалдардың барлығы - америкалық материалдар. Жай қағаздар емес, 40 тоннаға дейін шыдай алатын мықты материалдар. Бұл материалдар жылуды жақсы сақтайды. Кез келген инженерімізден сұрасаңыз, біз бұл материалдардың мықтылығын дәлелдей аламыз", - деді жоба менеджері Ахмед Қарахан. 

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы EXPO құрылысы алаңында түсірілді делінген видео пайда болған еді.

Видеода бейәдеп сөздер бар!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети