29 қаңтар 2017 13:53

Gov.kz аясындағы сайттарға жаппай хакерлік шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Турпром © Турпром

ShadowTeam хакерлер тобы Алматы қалалық мәслихатының ресми сайтына хакерлік шабуыл жасаған. Бұл туралы Facebook желісінде Кибершабуылдарды тергеу және сараптама орталығының өкілдері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ShadowTeam хакерлер тобы Алматы қалалық мәслихатының ресми сайтына хакерлік шабуыл жасаған. Бұл туралы Facebook желісінде Кибершабуылдарды тергеу және сараптама орталығының өкілдері жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық мамандарының айтуынша, сайт CMS DLE ескірген нұсқасымен жұмыс істеп келген. "Сонымен қатар, CMS көшірмесі заңсыз, бұл туралы басты сайттың бетіндегі шаблон дәлелдейді. Бүгінде өзекті болып 11,2 нұсқасы пайдаланылады, бұл дегеніміз сайт иелерінің қауіпсіздік мәселелеріне салғырт қарауы және орнатылған CMS құрылғысын жаңартып отыру жүзеге асырылмаған. Осы себепті тіркелмеген қолданушылар сайтқа кіре береді", - делінген қоғамдық ұйымның хабарламасында.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, ShadowTeam хакерлер тобы 28 қаңтарда gov.kz аясындағы сайттарға жаппай кибершабуыл жасаған, соның ішінде Солтүстік Қазақстан өңіріндегі аудандардың мемлекеттік сайттарына, ШҚО табиғи ресурстар департаменті (https://www.e-priroda.gov.kz/) және Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының (www.alplan.gov.kz) сайттары да бар. Осы аталған сайттардың барлығында да бұзып кіру дерегі бойынша, ешқандай да шара қолданылмаған. 

"CERT.KZ (ЦАРКА) мамандарының ойынша, сервердің орналасқан жері яғни осы сайттардың орналасқан жері - 82.200.247.240 ("Қазақтелеком" АҚ), сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының сайты да кіреді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети