Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада құжат тексерудің күшейтілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада құжат тексерудің күшейтілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл мәселені Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" жобасының аясында қозғады. Айта кетейік, мамырдың 10-ынан 31-іне дейін Астанада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді.
"Астанада тұратын азаматтар заң бойынша және ережелерге сәйкес, не тұрғылықты жерінде тіркелген болуы тиіс, не уақытша тіркеуі болуы керек. Бұл қалыпты практика. Адамдардың бұған таңғалып жатқаны қызық. Астанада заңға бағынатын, пәтері бар, осында жұмыс істейтін азаматтарға алаңдауға негіз жоқ", - деп пікір білдірді Абаев.
Министрдің айтуынша, EXPO-2017 көрмесі өтуі кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары халықаралық ірі шара өтетін уақытта деструктив шабуылдарға ұрынбауы үшін қауіпсіздік күшейтіледі. "Ірі шаралар барысында қауіпсіздік қана емес, осы жағдайды пайдаланып қалғысы келетін элементтердің де күшейетіні белгілі. Сондықтан мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті - Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді ол.
Осыған дейін Астана әкімдігінің сайтында "елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткені дұрыс" екені хабарланған болатын.