09 мамыр 2017 12:59

Астанада құжат тексеру күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 мамырдан бастап елорда тұрғындары мен қонақтарының құжаттарын тексеру күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


10 мамырдан бастап елорда тұрғындары мен қонақтарының құжаттарын тексеру күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 10-ынан 31-іне дейін Астанада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді.

"Аталған акцияның шеңберінде құжаттарды тексеру күшейтілмек. Елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткен дұрыс. "Құқықтық тәртіп" шарасының басты міндеті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тіркелмеген азаматтарды анықтау", - делінген хабарламада.

Шара "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде қолға алынып отыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети