Абаев Астанада құжат тексерудің күшейтілуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абаев Астанада құжат тексерудің күшейтілуіне қатысты пікір білдірді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада құжат тексерудің күшейтілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада құжат тексерудің күшейтілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәселені Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" жобасының аясында қозғады. Айта кетейік, мамырдың 10-ынан 31-іне дейін Астанада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді.

"Астанада тұратын азаматтар заң бойынша және ережелерге сәйкес, не тұрғылықты жерінде тіркелген болуы тиіс, не уақытша тіркеуі болуы керек. Бұл қалыпты практика. Адамдардың бұған таңғалып жатқаны қызық. Астанада заңға бағынатын, пәтері бар, осында жұмыс істейтін азаматтарға алаңдауға негіз жоқ", - деп пікір білдірді Абаев.

Министрдің айтуынша, EXPO-2017 көрмесі өтуі кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары халықаралық ірі шара өтетін уақытта деструктив шабуылдарға ұрынбауы үшін қауіпсіздік күшейтіледі. "Ірі шаралар барысында қауіпсіздік қана емес, осы жағдайды пайдаланып қалғысы келетін элементтердің де күшейетіні белгілі. Сондықтан мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті - Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді ол. 

Осыған дейін Астана әкімдігінің сайтында "елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткені дұрыс" екені хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети