17 қаңтар 2017 | 12:44

Абаев ХҚКО-да қайтыс болған ер адамның өліміне байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Алматыдағы ХҚКО-да қайтыс болған ер адамның өліміне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Алматыдағы ХҚКО-да қайтыс болған ер адамның өліміне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бірінші кезекте жақындарына көңіл айтамыз. Біздің бұл оқиғаны толық зерттегенімізді айтып өту керек. Адам жұмыс орнында болды. Оған бірден медициналық көмек көрсетілді. Менің білуімше, қазір оның науқас болғаны анықталып жатыр", - деді Абаев үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, министр Қазақстандағы онлайн тіркеу жүйесін құруға қатысты пікір білдірді.

"Егер тестілеуден барлығы сәтті өтсе, онлайн тіркелу ертеңнен бастап іске қосылады. Қазір тестілеу жүріп жатыр. Мен қазір жұмысқа барамын, жүйенің қалай жұмыс істеп жатқанын тексеремін, сосын барлығы қалай болғанын жазып, жариялаймын", - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, кеше, 16 қаңтарда Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 1964 жылғы Кунтаков Жарас Нуркибайұлы қайтыс болған еді. Ол орталыққа тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін келген. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері оқиға кезінде "ХҚКО-да адам саны көп болмаған" дейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети