06 маусым 2017 12:31

Абаев Instagram және Twitter желілеріндегі ақау жайлы: Біз осы мәселемен айналысып жатырмыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желілердегі ақаулардың ұялы байланыс операторларының қызметімен байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желілердегі ақаулардың ұялы байланыс операторларының қызметімен байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазір осы мәселемен айналысып жатырмын. Қазақстанда интернетке байланыс операторлары жауап береді. Түрлі операторлар бар - "Қазақтелеком", "Транстелеком". Біреулер "Қазақтелеком" көрсетіп жатқан қызметті қолданып жүрсе, біреулер "Транстелекомның" қызметін қолданып жүр. Бұл дегеніміз нақты бір байланыс операторларда ақау пайда болды деген сөз. Осы мәселемен айналысып жатырмыз, мәлімет береміз", - деді министр.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар кешеден бері Instagram және Twitter желілеріндегі ақауларға шағымданып жатыр. "Instagram еркін бағдарлама. Ақпарат және коммуникациялар минстрлігі бұл бағдарламадағы ақаулар жайлы мәліметтен хабарсыз. Ресми шағым түспеді", - деген еді осыған дейін Ақпарат және коммуникациялық министрлігіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети