01 маусым 2022 14:39

Абаев "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концертіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыдағы концерт мәселесімен министрлік мамандары айналысып жатқанын айтты. Абаевтың айтуынша, ведомство бірқатар шешім қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыдағы концерт мәселесімен министрлік мамандары айналысып жатқанын айтты. Абаевтың айтуынша, ведомство бірқатар шешім қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ирина Кайратовна" тобына қатысты оқиға бойынша, сахнаға мас күйде шыққандарға жауапкершілік енгізесіз бе" - деп сұрады Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден.

"Іс жүзінде концерттер саны мыңмен өлшенеді. Мұндай оқиғалар болып тұрады, бірақ әр мың әртіс сахнаға мұндай күйде шықпайды ғой. Бұл мәселені жақсы білеміз және онымен айналысып жатырмыз. Жақын арада сіздерге нені, қалай жасайтынымыз туралы нақты нәтиже береміз деп ойлаймын", - деді министр.

Журналистер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін жауапкершілікті қарастыратын бап бар екенін атап өтті. Абаев "бұл полицейлерге қойылатын сұрақ" деп түсіндірді.

Ол заң бәріне бірдей деп сендірді.

"Ел басшыларынан бастап, қарапайым адамдарға дейін заң бір және барлық норма жазылған. Заң бар және ол орындалуы керек", - деді Абаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Еске салайық, 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концерті өткен болатын. Кейінірек Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып кеткен. Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның Туын адамдарға лақтырып жіберген.  

"Мойындаймын". ИК тобының әншісі сахнадағы қылығы үшін кешірім сұрады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети