Абаев: XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!

16 Желтоқсан 2016, 12:31
0
Абаев: XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай! -

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Ардақты ағайын! Баршаңызды ұлы мереке - Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт. Осынау жылдар ішінде Қазақ елі Елбасының басқаруымен талай белден, талай асудан асты. Жоғымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырттық. Мемлекеттік тіліміз төрге озды. Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық.
Осының бәрі - ең алдымен қастерлі Тәуелсіздіктің арқасы. Баршаңызды ұлы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін! XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!", - деп жазды министр парақшасында.

Айта кетейік, бүгін, 16 желтоқсанда қазақстандықтар елдің басты ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай