Абай ауылында зорланған баланың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай ауылында зорланған баланың ісіне қатысты жаңа деректер шықты Видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Абай ауылының 7 жасар тұрғынының ресми өкілі Құрманғазы Мусир директордың, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушінің және мектеп психологтарының, сондай-ақ, тергеушілердің үстінен сотқа арызданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Абай ауылының 7 жасар тұрғынының ресми өкілі Құрманғазы Мусир директордың, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушінің және мектеп психологтарының, сондай-ақ, тергеушілердің үстінен сотқа арызданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Біз басынан-ақ зорлау дерегі растала ма, жоқ па - соны күттік. Барлығы расталды. Енді прокуратура мен мектеп директорына, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушіге және психологтарға арыздануды жоспарлап отырмыз", - деді баланың ресми өкілі.

Оның айтуынша, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кінәсі салдарынан атышулы іске қатысты тергеу жұмыстары жайлы мектеп мұғалімдері мен осы жағдайға қызығушылық танытып жүргендерге айтылған.

"Басқаша айтқан олар тергеу жайлы біліп отырды. Мәліметтің жайылып кеткені сөзсіз", - дейді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта зардап шеккен бала анасымен бірге Алматыда. Мұның алдында Абай ауылында зорланған балаға қатысты істің тоқтатылғаны хабарланған еді. Осы іс бойынша 14 кешенді сот сараптамасы мен 4 түрлі зерттеу жүргізілді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін қоғам қайраткері Аружан Саин Абай ауылында зорланған екінші балаға қатысты мән-жайын айтып берген болатын.

Наурыздың ортасында ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат Желіде тараған болатын. Баланы жабылып зорлағандар жоғары сыныптың оқушылары болуы мүмкін. 

Кейінірек ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети