19 ақпан 2021 15:15

Абай атындағы ҚҰАОБТ ұжымы қойылымнан кейін директорды қолдап, үнқағаз ұстап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының әртістері "Любовный напиток" қойылымынан кейін жақында қызметінен босатылған директор Ая Қалиеваны қолдап, үнқағаз ұстап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының әртістері "Любовный напиток" қойылымынан кейін жақында қызметінен босатылған директор Ая Қалиеваны қолдап, үнқағаз ұстап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Театр ұжымы бұл шешіммен келіспей отыр. Қызметкерлер Қалиеваны жақсы басшы ретінде сипаттап, ол басшылық қызметте болған кезінде театр біраз жетістікке жеткенін айтады. Қалиева театр басшысы ретінде екі жыл қызмет еткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Abay Opera House (@kaz.natob.abay)

Одан бөлек, театр ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинге ашық хат жолдады. 

19 ақпаннан бастап театр директорының орынбасары болған Қанат Қаражанов директор міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Ал Мәдениет және спорт министрлігі директормен еңбек қатынастары еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылғанын хабарлады. 

Министрлік мәліметінше, Ая Қалиева онымен еңбек шартының бұзылғаны туралы хабардар болған, тиісінше ешқандай заңбұзушылық болмаған. Одан бөлек, министрлік Қалиеваның жұмыс тәжірибесін ескере отырып, оның кандидатурасы басқа лауазымға қарастырылып жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети