04 қыркүйек 2021 12:47

Абай аулындағы зорлық: Аружан Саин журналистердің шағымына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Балалар омбудсмені Аружан Саин Абай ауылында зорланған баланың тұратын жағдайына қатысты журналистердің сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Балалар омбудсмені Аружан Саин Абай ауылында зорланған баланың тұратын жағдайына қатысты журналистердің сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін The Village Kazakhstan тілшілері жарияланым алдында бірнеше рет Аружан Саин өкілдерімен хабарласып, сұрақтарға жауап беруін сұрағанын, бірақ оларға "омбудсменнің ескі сұхбаттарына сілтемелер ғана жіберілгенін" хабарлаған болатын.

"Әсем Жапишева мен Малика Мұханова шынымен бізбен байланысқа шығып, туыстарының, тергеуші және сарапшылардың байланыс нөмірін сұрады. Біз оны рұқсатсыз жіберуге құқымыз жоқ, ал баланың анасы БАҚ-пен байланысқа үзілді-кесілді қарсы. Әсем Жапишеваға сұрақтар жіберуді ұсындық, біз оларды анасына немесе адвокатқа осы жоба аясында жұмыс істеуді қарастыруын сұрау үшін жіберуге дайын болдық. Кез келген жағдайда шешімді анасы айтушы еді. Әсем Жапишева тарапынан сұрақтар түскен жоқ. Тергеуші бас тартты, өйткені оның ақпаратты жариялауға құқығы жоқ. Біз сараптамаға тартқан сарапшылар ақпаратты жариялай алмайды", - деді Аружан Саин.

Бала қайда тұрады? 
 
The Village Kazakhstan журналистерінің мақаласында бала тамызда әжесімен бірге дұрыс дәретханасы да жоқ "ескі үйде" тұрғанын, әжесінің айтуынша, олар далаға шығуға қорқатыны хабарланған болатын.

Аружан Саиннің сөзінше, 1 қыркүйекте бала Алматыда анасымен бірге мектепке барған.

Әжесі де Tengrinews.kz тілшісіне немересі бұл үйде емес, Алматыда тұрып жатқанын айтты.

"Бала бұл жерде мүлдем тұрмайды. Үш айға демалысқа келгені рас. Сол 2018 жылдың наурызында кетіп, содан келген жоқ. Қазір Алматыда тұрып жатыр, мектепте оқиды. (...) Немерем үш ай демалыста келуге қақы бар. Біреуге зияны тиген жоқ, бәрі өз бақылауымда, өзім алып жүрдім", - дейді ол.

Журналист Әсем Жапишева Aibat жаңылықтар қызметіне берген сұхбатында баланың ауылда уақытша тұруы да психологиялық жарақат әкелетінін атап өтті.

Отбасы үшін тұрғын үй мәселесі қалай шешілді?

"Сот аяқталғаннан бері ана мен бала ерікті тегін берген пәтерде тұрады. Коммуналдық шығындарды да ерікті төлейді. Бала тұрғылықты жері бойынша мектеп пен емханаға бара алуы үшін ол анасы мен баланы осы пәтерге тіркеген", - деп түсіндірді Аружан Саин.

Бұған дейін The Village Kazakhstan тілшілері әжесі мен анасы баламен бірге еріктінің пәтерінен көшіп кеткенін, тұрғын үйді өздері жалдап тұратынын мәлімдеген болатын.

"Мақала шыққаннан кейін біз анамен байланысқа шықтық, ол сол пәтерде тұратынын растады және 1 қыркүйекте бала мектепке барды. Еріктімен біз үнемі байланыстамыз, олар көшіп кетсе, біз білетін едік. Мақаладан кейін онымен де байланысқа шықтық, ана мен бала пәтерінде тұратынын растады. Жалпы, өте түсініксіз жағдай", - деді Аружан Саин.

Баланың әжесі Абайда қалды. Ол Tengrinews.kz журналисіне материалдық көмекке мұқтаж емес екенін, бірақ олардың отбасын сотталған зорлаушының анасы мазалайтынын айтты.

Бұған дейін The Village Kazakhstan тілшілері әйел мас күйде пышақпен сол үйге барып, әжесіне қауіп төндіретінін хабарлаған болатын. Кейін құқыққорғаушы Ләззат Рақышева осы сөзді растайтын видео жариялады.

Айта кетейік, журналистер Аружан Саиннен 2018 жылы "Отбасыға тұрғын үй сатып алуға ақша жиналды ма?" деп сұрады.

"Біз үйге ақша жинағын емеспіз. Отбасының өтініші бойынша 2018 жылы пәтерді сату туралы хабарландыру жарияладық. Олар бұл ақшаға ипотека бойынша жарна салып, әжесі мен тәтесін көшіргісі келді. Пәтерді сата алмадық", - деді Саин.

Баланың отбасына қысым көрсетілді ме?

Әже Tengrinews.kz тілшімен сұхбатта шенеуніктерден ешқандай қысым жоқ екенін атап өтті, бірақ әйелдің полициядан көңілі қалған.

"Шенеуніктер қысым көрсетіп жатқан жоқ. Мен олардан жәрдем сұрап барсам, полицияға бар дейді. Ал мен полицияға барғым келмейді. Мен полициядан көңілім қалған. Баланы зорлағанда алты ай бойы ешкім жәрдем бермеген маған. Тіпті маған арыз жаздырмаған. Қорыққанымнан арыз жаза алмай 6 ай жүргенмін", - дейді ол.

"Біз мақалада айтылған барлық нәрсеге келісеміз. Әсіресе кей адамдар мен шенеуніктердің жауапкершілігіне қатысты. Сонымен қатар, біз облыс әкіміне де, республикалық мемлекеттік органдарға да осы мәселе бойынша жүгіндік, бірақ ешқандай шара қолданылмады", - деді Аружан Саин.

Tengrinews.kz тілшісі балалар омбудсменінен "The Village Kazakshtan журналистерімен кездесуге дайынсыз ба?" деп сұрады.

"Олар қаласа, өздері хабарласады деп ойлаймын. Менің телефонымды білесіздер", - деді ол.

Омбудсмен бұл мәселе бойынша жарияланымдарды тоқтатуды сұрады, өйткені әр материал бала мен оның туыстарына психологиялық жарақат әкеледі.

"Зорлық-зомбылық құрбаны болған балалар мұны Интернеттен көреді, оқиды. Олар сол сезімді қайта бастан кешіреді. Баланың кім екені айтылмаса да, сезімді жеңу қиын. Балаға ғана емес, ата-аналарға да. Сондықтан біз барлық осындай көмекті жарияланымдарсыз, заңды, құқықтық жолмен барынша дұрыс көрсетуге тырысамыз. Мұндай істер бізде аз емес", - деді Аружан Саин.

Ал Әсем Жапишева Aibat__kz-ке берген сұхбатында The Village Kazakhstan тілшілері осы материалды және балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы басқа да бірқатар мақаланы зорлық-зомбылыққа кінәлі барлық адамды, сондай-ақ осындай қылмыстарды жапқан шенеуніктерді барабар жазалауға қол жеткізу үшін жариялайтынын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети