23 қазан 2020 | 12:32

Абай ауылындағы зорлық: жұмысынан кеткен полицей қызметке оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы полициясындағылар Бауыржан Селтановтың жаңа жұмысқа тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Бауыржан Селтановқа 2018 жылы Абай ауылында 7 жасар баланың зорлануына қатысты іс бойынша "билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асырды" деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы полициясындағылар Бауыржан Селтановтың жаңа жұмысқа тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Бауыржан Селтановқа 2018 жылы Абай ауылында 7 жасар баланың зорлануына қатысты іс бойынша "билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асырды" деген айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның тағайындалуы туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Кейін Kozachkov offside Тelegram-каналында қызу талқыға түсті.

"Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жеті жасар баланы зорлауға байланысты оқиға естеріңізде ме? Соған криминалдық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Селтановтың қатысы болған. Сол кезде ол іске қатысы бар туысын - бала оқыған мектеп директорын, баланы алып барған аудандық аурухананың бас дәрігерін қорғау үшін істі жабуға тырысқан.

Оның бұйрығы бойынша мамандар бала мен әжесін Алматыға бара жатқан пойызынан күштеп түсірген. Кейін оқиға жалпақ жұртқа тарап, төбеге жеткен соң Селтанов жұмыстан шығарылды. Тіпті Елбасының өзі оқиғаға байланысты пікір білдірген. Бірақ полицейдің шені қайтарылған және ол жайлап Түркістан қаласы Полиция басқармасына бастық болып отырған.

Бұл адамды жазалаған қоғам мен ел басшылығының еркін министр Тұрғымбаев бұйрығы арқылы сызып тастады. Оның үстіне Селтанов Түркістан полициясына келгеннен кейін жемқорлық деректері көбейген. Қысқа қайырғанда, ғажап аймақ", - деп жазды Kozachkov offside каналының авторы.

Абай ауылында зорланған баланың оқиғасы: Үш күдіктіге қатысты қозғалған іс тоқтатылды

Түркістан облысының полициясындағылар жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желіде Ордабасы ауданы Полиция бөлімінің бұрынғы басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Селтановтың 2018 жылы Абай ауылында жеті жасар баланың сотталған оқиғасына қатысы бар деген жалған ақпарат тарап жатыр. 

Құқық қорғау органдарының мүдделі өкілдері ҚР ҚК 362-бабы 1-бөлігіне сәйкес "Қызметтік жағдайын асыра пайдалану" бойынша полиция полковнигі Селтановқа қатысты жан-жақты тергеу жүрігізді. Оған қатысты айтылған айыптар расталмады.

Ал 2020 жылғы наурызда ішкі істер министрінің келісімі бойынша Түркістан облысы ПД полиция генерал-майоры Дәлбековтің бұйрығымен Бауыржан Селтанов Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Абай ауылында зорланған баланың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Айта кетейік, 2018 жылғы наурызда Әлеуметтік желіде ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылында жеті жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Полиция мәліметінше, ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне сәйкес "Кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова оқушының зорланғанын сараптама дәлелдегенін мәлімдеді. Кейін ОҚО-да шыққан жанжалдан кейін жоғары лауазымдағы шенеуніктер қызметінен босатылғаны белгілі болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети