06 тамыз 2018 17:48

Абай ауылында зорланған баланың оқиғасы: Үш күдіктіге қатысты қозғалған іс тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uganka.ru © uganka.ru

Түркістан облысы Абай ауылында зорланған балаға қатысты іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысы Абай ауылында зорланған балаға қатысты іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның тергеу тобы Түркістан облысы Абай ауылында сексуалдық зорлық құрбаны болған балаға қатысты қозғалған істі тоқтатты.

"Оқиғаның шынайылығын анықтау мақсатында барлық сот сараптамасы жүргізілді: медициналық, психологиялық-психиатрлық, биологиялық, молекулярлық-геномдық және тағы басқалары. Зардап шеккен тараптың өкілдері Ресей Федерациясынан, Қырғызстаннан және Грузиядан жекеменшік және мемлекеттік сарапшыларды шақыруды сұрады. Сондай-ақ, мамандар ретінде түрлі салалардағы балалар дәрігерлері жұмылдырылды", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Осы іс бойынша 14 кешенді сот сараптамасы мен 4 түрлі зерттеу жүргізілгені айтылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сексуалдық зорлық үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

"Төрт күдіктінің ішінде тек біреуі 14 жасқа жеткен. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігіне сәйкес деп танылды. Қалғандарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Себебі олар 14 жасқа толмаған. Оқиғаның басқа мән-жайы жарияланбайды", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін қоғам қайраткері Аружан Саин Абай ауылында зорланған екінші балаға қатысты мән-жайын айтып берген болатын.

Наурыздың ортасында ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат Желіде тараған болатын. Баланы жабылып зорлағандар жоғары сыныптың оқушылары болуы мүмкін. 

Кейінірек ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети