03 наурыз 2023 13:33

Абай облысында биіктігі 2 метрге жететін жерүсті қарлы туннель пайда болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында биіктігі 2 метрге жететін жерүсті қарлы туннель пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі QazAvtoJol-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Абай облысында биіктігі 2 метрге жететін жерүсті қарлы туннель пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі QazAvtoJol-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Абай облысының аумағында соңғы екі тәулік ішінде қатты боран соғып, қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар күре жолда жол қозғалысына шектеу енгізілген.

"Күре жолдарда арнайы техниканың көмегімен қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Алматы - Өскемен" және "Өскемен - Семей" жолдарының екі учаскесінде биіктігі 2 метрге жететін жерүсті қарлы туннель пайда болды. Қатты екпінді желдің соғуы нәтижесінде қар жол резервінен жолдың жүру бөлігіне тасымалдануда", - делінген хабарламада.

Көліктерді өткізіп жіберу үшін жолшылар Қалбатау ауылынан Өскемен қаласына дейінгі бағытта жолды тазалады. Қазіргі уақытта жолшылар жолдың жүру бөлігін кеңейту бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

33 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети