Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Абай облысындағы қарт ерлі-зайыпты мен баланың өліміне қатысты тың деректер пайда болды 05 желтоқсан 2022, 18:07

Абай облысы Жарма ауданындағы зейнеткер ерлі-зайыпты мен баланың өліміне қатысты мәлімет белгілі болды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Абай облысы Жарма ауданындағы зейнеткер ерлі-зайыпты мен баланың өліміне қатысты мәлімет белгілі болды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде марқұмдар үйіне жолда ұстаған таксимен келгені жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облыстық Полиция департаментінде бұл ақпаратты растамады. Полицейлердің айтуынша, іске көлік жүргізушісінің қатысы жоқ, сонымен қатар жүргізілген сараптамалардың нәтижелері белгілі болған.

"Марқұмдарды такси жүргізушісі жеткізіп тастағаны туралы ақпарат жалған. Мұндай ақпаратты БАҚ өкілдеріне берген жоқпыз. Расында да, сол ауылда қонаққа барған дерегі болды. Отбасы үйге оралғанда, сыртта күн суытып, қарлы боран соғып, олар бағдарды жоғалтқан сияқты. Істе такси жүргізушісі жоқ", - деді Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Дина Әміренова.

Полиция мәліметінше, бастапқыда мәйіттердің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған. Тексеру нәтижелері бойынша өлім қатты тоңудан болғаны анықталды. Бұл жағдайда өлімнің зорлық-зомбылық факторлары анықталған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін қарт ерлі-зайыптының немересімен қонаққа келгені хабарланған болатын. Олар үйіне қайтқанда қатты аяз болған. Кейінірек ерлі-зайыпты мен баланың мәйіті табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram